Бішкектің аумағы үш есеге жуық ұлғаяды. Бұл туралы Бішкек қалалық кенеш отырысында Бішкек әкімі Айбек Джунушалиев мәлімдеді, деп жазады TuraNews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
«Соңғы ұсынысқа сәйкес, Бішкектің аумағы 12 мың 900 гектардан 37,8 мың гектарға дейін кеңейтіледі», — деді Джунушалиев.
Джунушалиевтің айтуынша, Бішкек аумағына сегіз ауыл үкіметі мен төрт ауылдық әкімшіліктің кейбір ауылдары кіреді.
Сондай-ақ, ол Қырғызстан президенттінің жақын арада жарлыққа қол қоятынын айтты.