Әлем
Бішкектегі ЖЭО апатынан зардап шеккендер емделу үшін Түркияға аттанды
Зардап шеккендермен бірге туыстары, сондай-ақ екі қырғыз дәрігері еріп барады.

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасымен 3 ақпанда Бішкек ЖЭО-да зардап шеккен екі адам, сондай-ақ тікұшақ апаты кезінде зардап шеккен екі әскери қызметкер одан әрі емделу үшін Түркиядағы мамандандырылған клиникалардың біріне жіберілді. Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі жазды.
Зардап шеккендермен бірге туыстары, сондай-ақ екі қырғыз дәрігері еріп барады. Олар президенттік ТУ-154 рейсімен ұшып кетті.
«Зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша барлық шара Қырғызстан Республикасы Президентінің жеке бақылауында болады. Емделуге баратын қызметкерлерді, олардың туыстарын және медицина қызметкерлерін Түркияға жеткізу үшін қаражат бөлінді», — делінген хабарламада.