Қырғызстанға ресми сапары аясында Мәулен Әшімбаев бастаған Сенат делегациясының мүшелері Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды Turanews.kz «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VII қазақ-қырғыз форумына қатысты. Жиналғандар арасында екі елдің ақын-жазушылары, тарихшылар мен Айтматовтың шығармашылығын зерттеуші ғалымдар бар. Мәулен Әшімбаев өзара қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқан қырғыз зиялыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс білдірді. Бірқатар қайраткерге еліміздің мемлекеттік наградаларын табыстады.
Сенаторлар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, хәкімнің рухына тағзым етті.