Бішкекте Түркі мемлекеттерінің цифрлық форумы өтуде
9 қазанда Бішкекте Түркі мемлекеттерінің жасанды интеллект форумы өз жұмысын бастады.
Бішкекте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) цифрлық форумнда жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер талқылануда.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жетекшілігімен Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігі ұйымдастырған екі күндік форумға мемлекеттік қызметкерлер, AI саласындағы жетекші сарапшылар, дипломаттар, бизнес өкілдері, ғалымдар мен IT саласының қатысушылары жиналды.
Іс-шараға Қырғызстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Еділ Байсалов, Цифрлық даму министрі Нурия Кутнаева, ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев және Түркияның Қырғызстандағы елшісі Ахмет Садык Доған қатысты. Шарада, Түрік технология командасы қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Селчук Байрактар да сөз сөйледі.
Байсалов Қырғызстан үкіметінің жасанды интеллект элементтерін зерттеп, енгізуге кіріскенін атап өтті.
«Осы цифрлық форумда біз түркі мемлекеттерінің жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін зерттегіміз келеді», — деді ол.
Бас хатшы Өмірәлиев ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталдыв:
«Түркі мемлекеттерінің инновациялық болашағын қамтамасыз ету үшін қоян-қолтық жұмыс істеуді, ортақ көзқарастарымызды бөлісуді және байланысты жалғастыруды жалғастырайық», — деді ол.
Форум барысында жасанды интеллект арқылы дайындалған цифрлық өнімдер мен мемлекеттік қызметтер көрсетілді.