ӘлемМәдениет

Бішкекте қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

«Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» атты фильм фестивалінің 11-шісі Бішкекте болып өтті, деп жазады Turanews.kz.

Фестивальге Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан режисер, продюссер және актерлер қатысты.  Фестивальде отандық фильм аталымында қырғызстандық режиссер Төлөмүш Жаныбековтың «Жол» атты картинасы Үздік фильм сыйлығын алды.

Халықаралық өнімдер арасында Үздік фильм сыйлығына Беларусьтен Анна Гертманның «Станислав үшін бесік жыры» атты картинасы лайық деп табылды.

Үздік режиссер сыйлығын болса Ресейден Андрей Кречетов, қазылар алқасы арнайы сыйлығын болса қазақстандық режиссер Дильшат Рахматуллин алды.

TuraNews

Back to top button