БастыҚоғам

Бішкекте қатты желден 11 мектеп пен 8 балабақша бүлінді

Бішкекте бір күн бұрын соққан желдің салдарынан 19 білім беру нысаны, оның ішінде 11 мектеп пен 8 балабақша зардап шекті.

Ел астанасы басшылығының хабарлауынша, көп жағдайда шатырлар қирап, кей жерлерде ағаштар мектептер мен балабақшалардың іргелес аумақтарына құлаған. Тиісті қызметтер құлаған ағаштарды жою жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс барысында құрылған комиссия келтірілген залалдың көлемін белгілейді.

Бішкектегі барлық білім беру нысандары тексеріледі. Комиссия бұрын шатыр жөндеу жұмыстары жүргізілген ғимараттардың сапасын тексереді.

Бұған дейін қатты жел салдарынан қалада төтенше жағдай жарияланған болатын.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button