БастыҚоғам

Бішкекте Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бүгін Ала-Тоо орталық алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери парад өтіп жатыр

Қырғыз Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Садыр Жапаров Жеңіс алаңында өткен митинг-реквиемге қатысты, деп жазады Kazinform.

Мемлекет басшысы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазіргі уақытта Бішкек гарнизонының әскери парады өтіп жатыр.

Еске салсақ, кеше елордадағы «Қазақ Елі» алаңында Мемлекет басшысы — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті.

TuraNews

Back to top button