Бішкекте ауыз су тапшылығы жағдайы тұрақталды
Бішкекте тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайының жақсаруына байланысты көлік жуу, сауна, монша, бассейн және сумен жабдықтауға тәуелді басқа да объектілердің жұмысы бойынша шектеулер алынды, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарланғандай, маусым айының басында қала мэриясы ауыз су тапшылығы кезеңінде су ресурстарын пайдалану бойынша шектеу шараларын енгізіп, суды көп қажет ететін нысандар, соның ішінде көлік жуатын орындарға, моншаларға, сауналарға, бассейндерге, сауықтыру кешендеріне, кілем, мамық бұйымдарын жуу пунктеріне су беруді тоқтатқан болатын.
Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сумен қамту бойынша жағдайдың жақсарғаны байқалады. Али-Арча өзені мен Чон-Алыш каналы арқылы жоғарғы судың жеткілікті көлемінің түсуіне байланысты «Орто-Алыш» бас тоғанының барлық қоректендіруші көлдері толтырылды, оның барлық ұңғымалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бас тоған арқылы берілетін ауыз судың жиынтық ағыны биылғы мамыр айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 900-1000 м3/сағ ұлғайды.
«Бішкек су арнасы» қала тұрғындарын су ресурстарына ұқыпты қарап, ауыз суды орынды пайдалануға шақырды.