Әлем
Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады
Қырғызстанда әскери тікұшақ құлап, бір адам қаза болды

Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды Қырғызстанның Кабар агенттігі
«Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те «Фрунзе-1» әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Борт 203. Экипаждың жағдайы әлі белгісіз», — делінген хабарламада.
Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің агенттігіне хабарлағандай, Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу барысында қонуға мәжбүр болған. Зардап шеккендер бар.
«Қорғаныс министрлігінің және әуе қорғаныс күштерінің басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады», — деп атап өтті ведомстводан.