
Ел бірлігі мен тұтастығы мемлекеттің өркендеуі мен тұрақтылығына негіз боларын тарих тізбегінен байқауға болады. Тәуелсіздік жылдарындағы басты құндылығымыз — қоғамдағы келісім мен ұлтаралық татулық ұлттың қауіпсіздігіне негіз болды.
Біздің этникалық алуан түрлілігіміз — мәдениеттер тоғысы мен ынтымақтастықтың өзегіне айналды. «Қазақстан – ортақ үйіміз» қағидасын ұстанған түрлі этнос өкілдері ел дамуына бірегей үлес қосуда.
Бірлік – тек моральдық құндылық емес, ол әлеуметтік келісім, азаматтық теңдік, заң үстемдігі және қоғамдық диалог арқылы нығайып келеді. Осындай берік іргетас бізді кез келген сын-қатерден қорғайды.
Ауызбіршілігіміз бен тұтастығымыз – жарқын болашағымыздың кепілі.