Әлем

Бхарат: Үндістан билігі мемлекеттің атауын өзгерткелі жатыр

Үндістан демалыс күндері G20 саммитін қабылдап жатыр, кеше қонақтарға «Бхарат президентінің» атынан кешкі асқа шақыру жіберілген, деп хабарлайды ВВС.

«Бхарат» атауын ел тұрғындары халықтың басым бөлігі сөйлейтін ресми хинди тілінде Үндістанды білдіру үшін пайдаланады. Бұл сөз 1949 жылы қабылданған ел Конституциясында да бір рет кездеседі. «Үндістан, яғни Бхарат штаттар одағы болады», — делінген. Дегенмен, ағылшын тіліндегі ресми құжаттарда үнемі «Үндістан» сөзі қолданылады. Енді Нарендра Моди үкіметі ежелгі тәжірибені өзгертуді шешіп, 9 қыркүйекте G20 саммитінің қатысушыларын «Бхарат президентінің» атынан кешкі асқа шақырған тәрізді.

АСЕАН-Үндістан саммитіне арналған баспасөз хабарында Наредра Модидің өзін «Бхарат премьер-министрі» деп атаған.Атауын ресми өзгертуге келер болсақ, Үндістан парламенті бұл мәселені 18 қыркүйекте қарай алады. Моди үкіметі 18-22 қыркүйек арнайы парламент сессиясын шақырды. Оппозиялық саясаткерлер мен пікір білдірушілер бұл сессияда ел атауын өзгерту мәселесі талқыланады деп болжап отыр. Бұл – Үлкен Бхарат картасы бар парламенттің жаңа ғимаратында өтетін алғашқы сессия болмақ. Бұл картаға көршілес елдердің, яғни Ауғанстанның бір бөлігі, Пәкістан, Непал, Бангладеш, Шри-Ланка мен Мьянма аумағы толықтай енген. Үндістан көршілері осыған байланысты ресми наразылық білдірді.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button