Белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметов – кеңестік, қазақстандық публицист, 300-ден астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы, сценарист. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
Еңбек жолын Қазакстан ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында жұмысшы, аппаратшы болып бастады. Институтты тәмамдағаннан кейін ӨКМК-нда балқытушы болып істеді.
1967-1974 жылдары Қазақ теледидары бағдарламаларының редакторы, бас редакторы болды.
1975 жылы КСРО Мемлекеттік киносына қарасты сценарий жазушылар мен режиссерлерге арналған Жоғары курсын бітірді.
1976-1982 жылдары ҚКСР Мемлекеттік теле-радио бөлімінің меңгерушісі, Қазақ теледидарының насихаттаушы бас редакторы, комментаторы, бөлім меңгерушісі болды.
1982-1983 жылдары ҚКСР Мемлекеттік киносының бас редакторы, 1983-1986 жылдары ҚКСР Мемлекеттік теле-радио комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1986-1990 жылдары – ҚКСР Теледидар және радиотаралым жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1991-1992 жылдары Қазақ КСР Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрінің бірінші орынбасары – Қазақ мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының төрағасы болды.
1992 жылы – ҚР Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі.
Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының негізін қалаушы. 1993 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың мамырына дейін «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының президенті болды.
1996 жылдан бастап Әлем халықтарының Бүкіләлемдік клубының академигі.
2000 жылы – ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
2000-2004 жылдары – «Қазинформ» ақпараттық агенттігінің Президенті.
2004-2007 жылдары – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.
2007-2009 жылдары «Самұрык» АҚ Президентінің кеңесшісі.
Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) академигі
2009 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі журналистика және саясаттану факультетінің теле-радио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі болды.