Әлем

Бельгияда 16 жастағылар сайлауда дауыс бере алады

Бельгия билігі ел азаматтары үшін Еуропарламент сайлауында 16 жастан бастап дауыс беруге рұқсат берді, деп хабарлайды Turanews.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

Осылайша Бельгия Еуропалық одақта мұндай шешім қабылдаған Мальта, Германия мен Аустриядан кейінгі төртінші мемлекет болып отыр.

«Жас шегін төмендету арқылы біз нақты сигнал жіберіп отырмыз. Біз сіздің дауысыңызды да, пікіріңізді де естігіміз келеді», — деді Бельгияның ішкі істер министрі Аннелиз Верлинден.

Осылайша, 280 мыңға жуық жас бельгиялық азамат келесі жылы еуропалық деңгейде өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие болады. Бірақ сайлаушылар тізіміне автоматты түрде енетін ересектерден айырмашылығы, дауыс беруді қалайтын кәмелетке толмағандар алдын ала тіркелуі керек.

TuraNews

Back to top button