Әлем
Беларусь сыртқы істер министрі қайтыс болды
Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қайтыс болды. Бұл туралы «Белта» агенттігі республика Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Владимир Макей 1958 жылы Гродно облысында дүниеге келген.
1980 жылы Минск мемлекеттік шет тілдер педагогикалық институтын, 1993 жылы Австрия Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
2012 жылдың 22 тамызынан бастап Владимир Макей Беларусь сыртқы істер министрі болған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие болды.
Беларусьтік «Наша Нива» басылымының мәліметінше, 64 жастағы министрдің өліміне жүрек талмасы себеп болған.