Әлем

Бейжіңде су тасқынынан 11 адам қаза тапты

Су тасқыны салдарынан Қытай астанасында 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа АА Апаттарға қарсы күрес жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Turanews.kz.

Штаб ақпаратына сәйкес, барлық құрбандар қаланың батыс және солтүстік бөліктерінде — Мэнтоугоу, Чанпин, Фаншан және Хайдиан аудандарында тіркелген. Қаза тапқандардың арасында табиғи апаттың зардаптарын жою жөніндегі жұмысқа қатысқан бір құтқарушы бар, ал тағыбіреуі жергілікті әкімшіліктің қызметкері.

Су тасқыны үш күн ішінде 700 мм-ге дейін жауын-шашын жаудырған «Доксури» тропикалық тайфуны әкелген қатты нөсер салдарынан болды деп хабарланды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін билік жергілікті тұрғындар мен қонақтарды өзендер мен су қоймаларына бармауға сұрайды. Қатты жаңбырға байланысты Бейжіңнің бірнеше аймағында қауіптің ең жоғары деңгейі («қызыл») жарияланды.

TuraNews

Back to top button