БастыСпорт

Бейбіт Жұқаев Истбурн турнирінің іріктеу сатысын сәтті бастады

Қазақстандық, әлемнің 236-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің іріктеу сатысын сәтті бастады, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 565-орында тұрған ұлыбританиялық Даниэль Литтлмен өткізді.

Бейбіт Жұқаев жергілікті теннисшіні 6:4, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық спортшы 8 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 7 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Б.Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 80-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен кездеседі. Оны жеңсе, өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 додасына жолдама алады.

Аталмыш жарыс 26 маусым – 1 шілде аралығында өтеді.

Өткен жылы мұнда америкалық Тейлор Фритц чемпион атанған еді.

TuraNews

Back to top button