БастыСаясатТехнология
Bayraktar KALKAN: Түркияның ұшқышсыз ұшу аппараты кезекті сынақтан сәтті өтті
Bayraktar KALKAN VTOL-ҰҰА-ны (тік ұшып-қонатын екі қанатты ұшқышсыз ұшу аппараты) «Baykar Makina» компаниясы жасап шығаруда.
«Baykar Makina» компаниясы ұшқышсыз басқарылатын ұшағы Bayraktar KALKAN-ның 30-шы ұшу сынағынан сәтті өткенін хабарлады.
Компанияның мәлімдемесіне сәйкес, бақылау және барлау миссияларын орындай алатын Bayraktar KALKAN сынақ аясында 14 500 фут (4420 м) биіктікке көтеріліп, 70 сағаттық ұшу уақытын сәтті аяқтады.
Айта кетейік, Bayraktar ұшқышсыз ұшу аппараттарын «Baykar Makina» шығаруда және компанияның тарихы өткен ғасырдың 80-жылдарынан басталады. Компания ұшқышсыз ұшу аппараттары жасау тұрғысында бір талай үлкен жетістіктерге жеткен.