Әзербайжан және Өзбекстан бірігіп әскери жаттығу ұйымдастырады, деп жазады Turanews.kz.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарламасында, екі ел Қорғаныс министрліктерінің 2023 жылғы серіктестік жоспарына сай жаттығу жүргізілетіні білдірілді. Жаттығу Ташкент облысында болады.
«UZAZ 2023» деп аталатын жаттығуда арнайы әскери операциялар ұйымдастыру және атқару тақырыптары іске асырылады.
Жаттығуға қатысатын Әзербайжан әскерлері Өзбекстанға барып жетті.