Қоғам

Балалар ауылының түлектері полиция қызметкерлерінде қонақта болып қайтты

Тәртіп сақшылары ШҚО ПД мұражайы мен ЖБО-да экскурсия өткізді, сонымен қатар балаларға қайықпен серуендеу түріндегі тосын сый ұйымдастырып, жарқын эмоциялар сыйлады

Мұражайда балалар жерлес полиция қызметкерлерінің тарихымен танысып, көрмеге қойылған жәдігерлермен, ескі үлгідегі қарулардың алуан түрлерімен танысты, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларын еске алды.

Экскурсия Жедел басқару орталығында жалғасып, балаларға бейнебақылау камераларымен әртүрлі құқық бұзушылықтарды қалай тіркейтіні және қылмыскерлерді жедел түрде «ұстауға» көмектесетіні туралы айтылды.

Қызыққа толы күн Ертіс өзеніндегі су қоймасында қайықпен серуендеумен аяқталды. Өскеменнің әдемі аймақтарындағы өзен круизі жасөспірімдерге жағымды эмоциялармен, есте қаларлықтай қуаныш сыйлады.

Балалар ауылының директоры Меңдігүл Мүбараковна «Бұл экскурсия біздің тәрбиеленушілерге балалар ауылынан мектеп бітіріп шыққанға дейін жағымды тосын сый болды, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне рахмет!»- деп атап өтті.

Соңында полиция қызметкерлері түлектерге жоғарғы оқу орындарға түсуіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жазғы демалыс кезінде бұл балалар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп, біздің қоғамға өз үлестерін қосуда.

 

TuraNews

Back to top button