Балалар арасындағы «Жан DoStar» IV Республикалық өнер фестивалі
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, этносаралық қатынастарды нығайтуға және «бірлік әралуандықта» қазақстандық идеясын дамытуға бағытталған «Жан DoStar» фестивалі жыл сайын тұрақты негізде өткізіледі.
Фестиваль барысында қатысушылар Қазақстанда тұратын түрлі этностардың тілінде вокалдық, аспаптық және әдеби шығармаларды орындайды, сондай-ақ әртүрлі халықтардың мәдениетін бейнелейтін хореографиялық қойылымдарды ұсынады.
Бүгінгі таңда балалар мен олардың ұстаздары мұндай байқауға жоғары қызығушылық танытып отырғаны қуантарлық жағдай. Тек осы жылдың басынан бері бұл байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1,5 мыңнан астам бала қатысты. Әр жолы қатысушылар аясы кеңейе түспек. Бұл Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Абай облыстарының конкурсанттары. Қатысушылар арасында ауыл мектептерінен көптеген балалардың бар екенін атап өткен жөн.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жан DoStar» фестивалі биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Іс-шараға 400-ге жуық бала қатысты. Байқауда жеңілгендер болған жоқ. Қатысушылардың барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олардың ұстаздары да назардан тыс қалған жоқ. Ұйымдастырушылардың алғыс хаттарынан басқа, олардың көпшілігі ҚР Білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың пікірінше, барлығын басын біріктіретін мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұру — дәстүрге айналуы тиіс. Себебі бұл халықтар достығы мен ынтымақтастықтың маңыздылығын еске салудың тағы бір ерекшелігі деп санайды.
«Біздің мақсатымыз балаларды бейбітшілік пен келісімді нығайту ісінде одан әрі ынталандыру», — деп қорытындылады іс-шара ұйымдастырушылары.