
Салтанатты шараға Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаев, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті және депутат Иса Хебиббейли, Әзербайжан Ататүрік орталығының президенті, депутат Низами Каферов, ТҮРКСОЙ-дың Әзірбайжан өкілі Эльчин Гафарлы, ТИКА Баку бағдарламасының координаторы Хайреттин Өзчелик, Түркияның Баку елшілігінің мәдениет және таным жөніндегі кеңесшісі Мухиттин Мачит, парламент депутаттары, ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының бағында ашық ауада өткен шарада Әзербайжанның әнұраны шырқалып, шейіттер үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Шараның алғашқы күні «Қырғызстан күні» деп аталды. Алдағы сегіз күн бойы әр елдің түркі әлемі әдебиеті кезек-кезек таныстырылатын болады.
Фестивальге Түркиядан ақын, өнер қайраткерлері, академиктер, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Венгрия және басқа да елдерден қонақтар шақырылды. Бағдарлама бойынша алдағы күндері кітап тұсаукесері, концерттер ұйымдастырылып, өлеңдер оқылмақ. Сондай-ақ фольклор мен фильмдер де көрермен назарына ұсынылады.