Бакуде Армения қарулы күштері барлау рейстерінің жолы кесілгені белгілі болды
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі елдің бірқатар бағыттағы позицияларына Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері оқ жаудырғанын мәлімдеді.

– 30 наурыз күні сағат 21:25 шамасында Армения қарулы күштері дрон пайдалана отырып, Герензур елді мекені бағытында Әзербайжан армиясының позицияларына тағы да барлау ұшуларын жүзеге асырмақ болды. Нәтижесінде Арменияның арандату әрекетінің жолы кесілді, — делінген Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде.
Сонымен қатар министрліктің хабарлауынша, 31 наурыз күні сағат 22:30-дан 04:35-ке дейін армян бөлімшелері Горус, Басаркечар және Чамбарак облыстары бағыттарынан Әзербайжан қарулы күштерінің позицияларына бірнеше рет оқ жаудырған.
Бұған дейін Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 29 және 30 наурызда Армения қарулы күштері Әзербайжанмен шекарада дрон арқылы үш рет барлау ұшуын жүзеге асырмақ болғанын, оның алдын алғанын хабарлаған.
Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан тарапының шекараның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде атысты тоқтату режимін бұзғаны туралы хабарламасын жоққа шығарды. Ведомство Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесін растайтын фактілерді армян тарапына ұсынған жағдайда тексеруге дайын екенін айтты.
Бұған дейін Әзербайжан тарапы Арменияны бейбіт келісімге қол қою процесін тездетуге шақырған.