Басты
Баку Ресейден апатқа ұшыраған ұшақты атып түсіргенін мойындағанын күтеді – БАҚ
«Баку Ресейдің кінәсін мойындағанын күтіп отыр» - Reuters
Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына Ресейдің әуе қорғанысы күштерінің қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Ресейдің әуе қорғанысы «Әзербайжан әуе компаниясының ұшағын атып түсірген».
«Ешкім мұны әдейі жасады деп отырған жоқ. Бірақ та анықталған деректерді ескере отырып, Баку Ресейдің Әзербайжан ұшағын атып түсіргенін мойындайды деп күтеді», — деді дереккөз.
Caliber.Az порталының жазуынша, алдын ала ақпарат бойынша Баку-Грозный бағытындағы AZAL ұшағы Грозный қаласына ұшып бара жатқанда Ресейдің «Панцирь-С» әуе қорғанысы жүйесі тарапынан зардап шеккен.