Басты

Бактиер Зайнутдинов «Бешикташпен» 4 жылдық келісімшартқа қол қойды

Түркияның «Бешикташ» командасы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Түркия футбол федерациясының ресми сайтында Зайнутдиновтың клубпен келісімшарты биылғы жылдың 18 тамызынан басталғаны көрсетілген. Оның аяқталы мерзімі — 2027 жылдың 30 маусымы.

Зайнутдинов Стамбұл командасына 4,5 миллион еуроға ауысты. Отандасымыз бұған дейін Мәскеудің ЦСКА клубында ойнаған. 2020 жылдың тамызынан бері 83 ойынға қатысып, 7 гол соққан. Сонымен қатар 8 нәтижелі пасы бар. ЦСКА сапында Ресей кубогында топ жарған.

Оған дейін тағы бір ресейлік «Ростов» сапында ойнаған. Ал елімізде «Тараз» және «Астана» командаларында доп тепті.

 

TuraNews

Back to top button