ҚоғамЭкономика

Бәйдібек ауданында тігін цехы іске қосылды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында текстиль өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдеу цехы іске қосылды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Шағын кәсіп орын мақта түту, көрпе, жастықтан бастап, медициналық формалар, матрас, шапандар мен қыз жасауын тігеді. Мұнда 7 жергілікті нәзік жанды қыз-келіншек жұмыс орнымен қамтылып, еңбек етуде.

Ашылу салтанатында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев пен облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Сылқымбек Спабеков құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерге сәттілік тіледі. Облыстық мәслихат депутаты Заманхан Ғабиден мен Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және демографиялық комиссия мүшесі Баян Айтбекқызы лента қию құрметіне ие болды.

Бұл цех Бәйдібек ауданында текстиль ісі бойынша жалғыз өндіріс орны. Кәсіп иесі Элеонора Ағабекқызы конақтарды цех жұмысымен таныстырды. Жеке кәсіпкердің айтуынша, “Бизнестің жол картасы 2025” мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз 5 млн. теңге грантты жеңіп алған. Жоспар бойынша қой жүнін өңдеп кәдеге жарату, яғни шикізат ретінде қолдану көзделуде.

TuraNews

Back to top button