ӘлемБастыСаясат

Әзірбайжан Таулы Қарабақта терроризмге қарсы операция жүргізуде

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта «терроризме қарсы шаралар» бастағанын мәлімдеді. Армян ақпарат көздері оқ жаудырылып жатқанын алға тартты, деп жазады Turanews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

19 қыркүйекте Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта «терроризмге қарсы шаралар» басталғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, бұған Армения қарулы күштері позицияларының нығаюы, окоптар мен блиндаждар санының артуы, сондай-ақ аумақтарды миналау себеп болған.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 19 қыркүйекте Әзірбайжан мемлекеттік автомобиль жолдары агенттігінің көлігі мен Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлері мінген көлік Таулы Қарабақ аумағында армян әскерилері қойды делінген минаға жарылған. Қаза болғандар мен жараланғандар бар.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясының Қарабаққа баруы 2020 жылы қабылданған Үшжақты мәлімдемені бұзып, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Әзірбайжан тарапы терроримге қарсы операцияны бастап жатқанын, оның барысында жоғары дәлдіктегі қаруларды қолдану арқылы әскери нысандарды жоюға болатынын хабарлады. Операция басталғаны жөнінде ресейлік бітімгершілік күштері мен Түркия-Ресей бірлескен бақылау орталығының басшылығы хабардар етілген.

TuraNews

Back to top button