Басты

Азия мен Океания чемпионы: Ержан Қайыржанұлы самбодан алтын жеңіп алды

Ташкентте өтіп жатқан Азия мен Океанияның самбо чемпионатында Жезқазған қаласының тұрғыны, Жаңаарқа ауданының тумасы Ержан Қайыржанұлы Қоңыров өз салмағында алтын медаль иеленді.

Ержан Қайыржанұлы 9 жасынан бастап күреспен шұғылданып, самбо, қазақша күрес және дзюдо спорт түрлерінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Ол 2024 жылы самбодан әлем чемпионатының финалына шығып, өз шеберлігін халықаралық деңгейде дәлелдеген болатын.

Қазіргі таңда ол 6505 әскери бөлімде қызмет атқарады. Отбасылы, үш баланың әкесі. Бұл жеңіс – оның табандылығының, еңбекқорлығы мен ерік-жігерінің жемісі.

Ержан Қайыржанұлына болашақта да үлкен спорттық табыстар мен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз. Еліміздің абыройын халықаралық аренада асқақтатқан ер жүрек спортшымен мақтанамыз!

 

 

 

TuraNews

Back to top button