Азия даму банкі Өзбекстанның 700 шақырым ауылішілік жолдарын жақсартуға 240 миллион доллар несие береді. Жоба көпірлер мен дренаж жүйелерін нығайтуды, көлік өткізу қабілетін, сапа мен қауіпсіздікті, сондай-ақ климатқа төзімділікті арттыруды көздейді. Бұл туралы банк сайты мәлімдеді, деп жазады TuraNews.kz.
Жоба «Ауыл жолдарын дамытудың 2030 жылға дейінгі ұлттық стратегиясына» және «Ауыл жолдарының 2035» стратегиясына сәйкес келеді және Үкіметтің «Ауыл жолдарын дамыту» бағдарламасын алға жылжытуға мүмкіндік беретін негізгі бастама.
12 облыс пен Қарақалпақстан Республикасындағы жергілікті және шаруашылықаралық, ауылішілік жолдарға басты назар аударылады. Сонымен қатар жағалауларды, көпірлерді, су өткізгіштер мен дренаж жүйелерін нығайту арқылы көлік өткізу қабілетін, сапасын, қосылу мүмкіндігін, қауіпсіздік пен климатқа төзімділігін арттырады.
«Байланыс өте маңызды. Өйткені теңізден екі мемлекет бөліп тұрған Өзбекстан халқының жартысына ауылдық жерлерде тұрады. Қауіпсіз, сенімді және климатқа төзімді жолдар арқылы ауылдық қауымдастық, нарық пен қызметтер арасындағы байланысты сақтау инклюзивті және тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу үшін маңызды», – деді Банктің Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Евгений Жуков.
Бұл жоба Өзбекстан мен ТМД елдеріндегі алғашқы бастама болып. Ол ауылдық елді мекендер мен фермерлерге барлық ауа райы жағдайында базарларға, мектептерге, денсаулық сақтау қызметтеріне және аудан орталықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. АДБ Автомобиль жолдары комитетінің де, жергілікті биліктің де ауылішілік жолдарды күтіп ұстау бойынша операциялық әлеуетін нығайтуға көмектеседі.
«Нарыққа қолжетімділікті арттыру және жақсартылған экономикалық мүмкіндіктерден пайда алу үшін жоба ауыл әйелдерін тұрақты ауыл шаруашылығына және климатқа төзімді тәжірибеге оқыту арқылы олардың құқығын кеңейтуге бағытталған. Елді мекендерді дамыту институттары кәсіпкерлікке және өмір сүру дағдыларына үйрету үшін жаңғыртылып, гендерлік зорлық-зомбылық пен жол қауіпсіздігі бойынша ағарту жұмыстары жүргізіледі», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1995 жылдан бері банк Өзбекстанға 10,8 млрд доллар көлемінде несие, грант және техникалық көмек берген.