Спорт

«Азия балалары»: Қазақстандық шорт-трекшілер екі медаль жеңіп алды

Ресейде өтіп жатқан «Азия балалары» додасында отандық шорт-трекшілер екі медаль еншіледі, деп жазады BasSport.kz.

Қыздар арасында 1500 метрге жарысудан Малика Жолтабар қола жүлде жеңіп алды.

Осы қашықтықта ұлдар арасында өткен додада Мейіржан Төлеген күміске қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы қазір жалпы есепте 1 күміс, 1 қоламен 3-орынға көтерілді.

TuraNews

Back to top button