19 желтоқсанда «Яраг-Газмалар» өткізу пункті арқылы Әзербайжаннан Ресейге 36 тонна (612 дана) көлемінде жұмыртқаның бірінші партиясы жіберілді, деп хабарлайды TuraNews.kz Trend.az агенттігіне сілтеме жасап.
Әзербайжаннан Ресей нарығына жұмыртқа жөнелту туралы шешімді Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт қарашада Әзербайжанға іссапармен барған кезде Әзербайжан Республикасы Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі төрағасы Гошгар Тахмазлимен келіссөз жүргізе отырып бірлесіп қабылдады.
Ресейге Әзербайжаннан құс шаруашылығы өнімдерін (әсіресе жұмыртқа) экспорттау туралы келісімге Әзербайжанда құс шаруашылығы өнімдері қауіпсіздігін бақылау жүйесі халықаралық стандарттарға сай екендігі себеп болғаны айтылған.
Айта кетейік, өткен аптада Ресейге тауық жұмыртқасын түрік компаниялары да экспорттай бастады. Россельхознадзор РФ-да жұмыртқа бағасы қымбаттап кеткендіктен, Түркияның 21 мекемесіне жеткізуге рұқсат берді.