
3 қыркүйекте Әзербайжанның Курдемир станциясынан оңтүстікке қарай 14 шақырым жерде — Курдемир аймағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azertag.az агенттігі.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығынан мәлім еткендей, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:38-де тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 5,2 баллға жетті.
Эпицентрі 52 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің дүмпулері Агдаш, Ахсу, Гойчай, Саатлы, Бейлаган, Ярдимли, Габала және басқа аймақтарда сезілгені атап өтілді.