БастыЭкономика
Әзербайжаннан Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі 50%-ға өсті
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Әзербайжаннан Қазақстанға жеке тұлғалардан ақша аударымдарының көлемі 7,32 млн долларды құрады https://kaz.inform.kz/news/azerbayzhannan-kazakstanga-aksha-audarimdarinin-kolem-50-ga-ost-121250/
Әзербайжан Орталық банкінің (ӘОБ) деректеріне негізделген есептеулерге сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,87 пайызға немесе 2,5 млн долларға өсті, деп жазады Trend.az.
Трансферттердің жалпы көлеміндегі Қазақстанға аударылған трансферттердің үлесі 1,8 пайызды құрап отыр.
2023 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардан Әзербайжаннан Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі 7,476 миллион АҚШ долларын құрады.