Басты

Әзербайжанда шетелдік арнайы қызметпен байланысы бар күдікті ұсталды

Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (DTX) шетелдік арнайы қызметтермен байланыста болып, лаңкестік топ құруға әрекеттенген ел азаматының ұсталғанын хабарлады.

Тергеу мәліметінше, Мухаммед Алиев есімді күдікті (лақап аты – Абу Малик) 2022 жылдың қыркүйегінен бастап шетелдік арнайы қызмет өкілдерімен байланыс орнатқан. Олардың тапсырмасымен радикалды діни көзқарастағы адамдарды іріктеп, шет мемлекет аумағында диверсиялық-террористік топ құруға әрекет жасаған.

– Мухаммед Алиев шетелде жүрген кезінде арнайы қызметтердің мүддесі үшін Әзербайжан азаматтарын үгіттеп, оларды қатарға тартуға тырысқан және ынтымақтан бас тартқандарды қудалауға қатысқаны анықталды, — делінген DTX таратқан ресми мәлімдемеде.

Мекеменің мәліметінше, аталған іске байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Әзербайжан заңнамасына сәйкес бірқатар қылмыстық бап бойынша іс қозғалған.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button