Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 7 ақпанда кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Әлиевтің кезектен тыс сайлау жариялағанын білдірген қаулыда Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлауды Әзербайжан Республикасының Сайлау кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімінен бұрын 2024 жылдың 7 ақпанында өткізуі туралы нұсқауы орын алды.
7 жылда бір рет президенттік сайлау өтетін Әзербайжанда соңғы сайлау 2018 жылдың 11 сәуірінде өткен болатын.