ӘлемСаясат

Әзербайжанда президенттігіне үміткерлер саны 17-ге жетті

Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы Аваз Темірханды 2024 жылғы 7 ақпанда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде бекітті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Осылайша, елдегі Президенттікке үміткерлер саны 17-ге жетті.

Қазіргі уақытта қол қою парақтарын ұсынып, барлық қажетті рәсімдерден өткен 3 кандидат ресми түрде тіркелді. Олар: Әзербайжан Республикасының қазіргі Президенті Ильхам Әлиев, Әлеуметтік зерттеулер орталығының басқарма төрағасы Захид Орудж және VI шақырылымдағы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты Рази Нуруллаев.

Қалған өтініш берушілер заңға сәйкес өз кандидатураларын тіркеуге қажетті шараларды қабылдауда.

Әзербайжан президенті 7 жыл мерзімге сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында елдің Орталық сайлау комиссиясы Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеген болатын.

 

TuraNews

Back to top button