Экономика

Әзербайжанда көлік-коммуникация холдингі құрылды

Бейсенбі күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан көлік және коммуникация холдингін (AZCON) құру туралы жарлыққа қол қойды.

Холдингтің басқаруына берілетін мемлекеттік кәсіпорындардың, жария құқықтағы заңды тұлғалардың және мемлекеттік үлесі бар кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі бекітілді, деп жазады Kazinform.

Жаңадан құрылған құрылым құрамына «Азербайджан Хава Йоллари», «Әзербайжан Каспий теңіз кемежайы компаниясы», «Баку метрополитені», «Баку халықаралық теңіз сауда порты», «BakuBus», «Баку кеме жасау зауыты», «Азеркосмос», «Азтелеком» акционерлік қоғамы, «Azerbaijan International Telecom» және «Azerpost» кірді.

AZCON қызметіне жалпы басшылықты бақылау кеңесі, ал ағымдағы басшылықты атқарушы директор жүзеге асырады. Холдингтің жарғылық қоры 10 млн манат деңгейінде айқындалды және оның басқаруына берілген мемлекеттік кәсіпорындар төлейтін қаражат есебінен қалыптастырылатын болады.

Өзгерістер көлік-коммуникация саласында жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын жетілдіруге бағытталған. Мемлекет сонымен қатар бұл мнханизм экономикалық рентабельділәкті және мемлекеттік бюджеттің кірістілігін арттырады деп сенеді.

 

 

TuraNews

Back to top button