БастыМәдениет

Әзербайжанда «II түркі әлемі студенттік театр фестивалі» басталды

Бакуде 20 мамыр күні ТҮРКСОЙ және Әзербайжан Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің (ADMIU) ұйымдастырумен «II түркі әлемі студенттік театр фестивалі» басталды.

ТҮРКСОЙ, Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі, Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрлігі және Әзербайжан Мемлекеттік мәдениет және өнер университетініңбірлесіп ұйымдастырған шарасында түркі әлемінен келген жастар өнер көрсетті.

Салтанатты шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Әзербайжан Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің ректоры Джейран Махмудова, Қазақстаннан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев, Қырғыз Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің ректоры Түменбой Колдошов, Өзбекстан Мемлекеттік өнер және мәдениет институтының ректоры Эльдор Шерманов және Анкара Музыка және өнер университетінің ректоры Ерхан Өзден қатысты.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Әзербайжан Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің ректоры Джейран Махмудова құттықтау сөз сөйледі.

Қатысушыларды қызыл кілеммен және ерекше шоумен қарсы алған ADMIU студенттері мен ғалымдары өнер ордасының театр залында фестивальдің алғашқы қойылымын көрсетті.

Фестивальде Әзербайжан студенттері «Қанды Нигар» спектаклін сахналады. Көрермендер шығарманы ыстық ықыласпен қабылдап, қошемет көрсетті.

 

TuraNews

Back to top button