Әлем
Әзербайжанда ФЕТӨ операциясы
Әзербайжанда ФЕТӨ мен (Фетуллахшы террор ұйымы) байланысты кісілерге операция жүргізілді. Арасында бір саяси партияның басшылары да бар 6 адам ұсталды, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы Әзербайжан Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Түркия Ішкі істер министрлігінен алынған мәліметке қарай елде ФЕТӨ террорлық ұйымымен байланысы бар адамдарға операция жүргізілгені білдірілді. Операцияларда 5 адам ұсталды. Бұл кісілердің бірі «Әзербайжан Демократия және Рефах» партиясының құрушы төрағасы Губад Ибадоғлумен қатынасы бар екені туралы түсініктеме бергені айтылды.
Түсініктеме аясында Ибадоғлуның кеңсесінде тінту жүргізіліп, маңызды құжаттар табылды. Ибадоғлу да ұсталды.