1918 жылы 28 мамырда Тифлис қаласында Мамед Эмин Расулзаде төрағалық еткен Ұлттық кеңесте Әзербайжан Lемократиялық Республикасының (АДР) – Мұсылман Шығысындағы алғашқы демократиялық республиканың құрылуы жарияланды.
Тарихта бұл күндері Баку большевиктер мен армян бандаларының оккупациясында болған, сондықтан Фатали хан Хойскийдің басшылығымен Әзербайжанның уақытша үкіметі біраз уақыт Гянджа қаласында қызметін жалғастырды.
Османлы мемлекеті Әзербайжанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындады.
1918 жылы 4 маусымда екі ел арасында жасалған келісімге сәйкес Османлы мемлекетінен Нури паша (Киллигил) бастаған Кавказ ислам әскері Әзербайжанға келді.
Гөкчай, Салян, Ағсу және Күрдемир аймақтары армяндар мен большевиктерден азат етіліп, 1918 жылы 15 қыркүйекте Баку азат етілді.
Баку үшін болған шайқастарда Кавказ ислам армиясының 1130 әскери қызметкері қаза тапты.
Әзербайжанда қысқа мерзімде экономика, білім, дін және басқа салаларда реформалар жүзеге асырылды.
Әзербайжанның «Тәуелсіздік Декларациясы» нәсіліне, дініне және жынысына қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, Әзербайжан мұсылман шығысында әйелдерге дауыс беру құқығын берген алғашқы мемлекет болды.
Ұлттық валюта мен пошта маркалары да айналымға енгізіліп, мемлекеттік банк пен Баку мемлекеттік университеті құрылды.
26 маусымда Әзірбайжан ұлттық армиясын құрды.
Үкіметтің 1918 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен түркі тілі АДР-да мемлекеттік тіл болып жарияланды.
1918 жылы 7 желтоқсанда 120 орындық парламент жұмыс істей бастады. Әзtрбайжанда барлық саяси партиялар мен этникалық топтар өкілдері бар парламент жұмыс істеген 17 ай ішінде 230 заң жобасын қабылдады.
1920 жылы 28 сәуірде Қызыл Армия әскерлері Әзербайжанды басып алып, Әзірбайжан Демократиялық Республикасының өмір сүруіне нүкте қойды.
Мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдерінің көпшілігі елден кетті. Әзербайжанның негізін қалаушы Мамед Эмин Расулзаде өмірінің соңғы жылдарын Түркияда өткізді. 1949 жылы Анкарада Әзербайжан мәдени бірлестігін құрып, еліндегі жағдай туралы айтуды, кітаптар жазып, конференциялар ұйымдастыруды жалғастырды.
Расулзаданың «Бір көтерілген ту ешқашан түспейді» деген сөзі барша әзербайжандықтардың ұранына айналды.
КСРО ыдырағаннан кейін Әзербайжан өз тәуелсіздігін алды. Қазіргі Әзербайжан 1918-1920 жылдардағы Әзербайжан Демократиялық Республикасының мұрагері болып саналады.
Тәуелсіздік күні 1991 жылдан 2021 жылға дейін Республика күні деп аталды. Әзербайжан парламентінің 2021 жылғы 15 қазандағы жалпы отырысында «Тәуелсіздік күні туралы» жаңа заң қабылданды. Сол күні президент Ильхам Әлиев «Тәуелсіздік күні туралы» заңды мақұлдады.
Тәуелсіздік күні 1991 жылдан 2021 жылға дейін Республика күні деп аталды. Әзірбайжан парламентінің 2021 жылғы 15 қазандағы жалпы отырысында «Тәуелсіздік күні туралы» жаңа заң қабылданды. Сол күні президент Ильхам Әлиев «Тәуелсіздік күні туралы» заңды мақұлдады.
Заң бекітілгеннен кейін 28 мамыр – Республика күнінің атауы Тәуелсіздік күні болып өзгертілді.