Әлем

Әзербайжан Ресейге нота тапсырды

Әзербайжан Ресей мемлекеттік телеарнасында Әзербайжанға қарсы хабар таратқаны үшін Ресейге нота берді, деп хабарлайды TRT.Net

Әзербайжанның Ресейдегі елшілігі жасаған мәлімдемеде Ресей саясаттанушылары мен армян текті сарапшылардың 20-21 қазанда 1 арнада көрсетілген «Ұлы ойын» атты бағдарламада Әзербайжанға қарсы сөйлеген сөздеріне байланысты және Әзербайжанның аумақтық тұтастығына күмән келтірілгені себепті елшілік Ресей Сыртқы істер министрлігіне нота жолдағаны білдірілді.

Мәлімдемеде бағдарлама қонақтарының Армениядағы ұшқары кекшіл күштерді сепаратизмді қолдау арқылы өткен қақтығысты қайта өршітіп, екі ұлттың арасына дұшпандық тұқымын себуге арандатқаны атап өтілді.

Бағдарламада орын алған оқиғаның 2022 жылы 22 ақпанда Ресей мен Әзербайжан арасында қол қойылған одақтық әрекеттер туралы келісімге қайшы екені айтылған нотада Ресейден баспасөз өкілдерінің арандатушылық әрекеттерін тоқтату және болашақта мұның қайталанбауы үшін шұғыл шаралар қабылдау сұралды.

TuraNews

Back to top button