БастыСаясат

Әзербайжан Ресей азаматтарының елге кіру ережелерін қатаңдатпақ

Тиісті қаулыға ел премьер-министрі Әли Асадов қол қойды.

— Ресей Федерациясының азаматтары, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұрақты тұратын, бірақ Ресей азаматтығы жоқ адамдар бір күнтізбелік жыл ішінде Әзербайжанда 90 күннен аспайтын визасыз жүре алады, — делінген ведомство сайтында жарияланған құжатта.

Министрлер кабинетінің қаулысы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін ресейліктер Әзербайжанда жылына 180 күнге дейін визасыз жүре алатын.

Бір күн бұрын Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айхан Гаджизаде Баку ресейлік тарап бекіткен жаңа ережелерге және РФ-да болу мерзіміне қойылатын талаптарды күшейтуге жауап ретінде айнадай шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

 

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button