БастыСаясат

Әзербайжан Қытаймен қорғаныс саласы бойынша диалогты бастады

Баку қазіргі таңда бұл бағытты тасымал географиясы мен бірлескен өндіріс бойынша қызығушылық тудыруы ықтимал перспективті бағыт деп бағалап отыр.

-Біз қорғаныс өнеркәсібі бойынша диалог орнатуды бастадық және бұл перспективті үдеріс болады деп ойлаймыз, себебі Әзербайжан өзінің Қарулы Күштерін жаңартып жатыр. Әрине, бізге тасымалдар географиясы мен бірлескен өндіріс қызығушылық тудырады,-деді Ильхам Әлиев Бакуде «Жаңа әлемдік тәртіпке» атты халықаралық форум қатысушыларымен кездесуінде.

Ол сөзінде Баку мен Бейжің 2024 жылы стратегиялық әріптестік туралы декларацияға қол қойғанын атап өтті. Бұл екіжақты қарым-қатынаста өте маңызды қадам болып табылады. Себебі Қытай сияқты алып мемлекетпен серіктес болу біз үшін өте маңызды, — деді ол.

И.Әлиев сонымен қатар қытайлық компаниялар жасыл энергетиканы қоса алғанда түрлі бағыт бойынша стратегиялық серіктес ретінде шақырылған.

— Олардың команиялары қоғамдық көліктердің экологиялық таза құралы ретінде серіктес деп деп таңдалды. Алғашқы өндіріс биылға жоспарланып отыр. Аталғандармен қоса, қытайлық компаниялар Әзербайжанда өзге елдердің компанияларының қатысуымен орналастарылып жатқан күн панельдерін жеткізуші саналады.

Сонымен қатар кейбір қытайлық қомпаниялармен жасыл энергетикаға тікелей инвестиция бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз, -деді мемлекет басшысы.

И.Әлиев сонымен қатар Әзербайжанның Қытаймен бірлесіп көлік шығару, Орта дәлізді, жүк тасымалын дамыту сияқты салаларда ынтымақтасуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

CGTN телеарнасына берген сұхбатында Әзербайжан басшысы Орта дәліз бойынша жүк тасымалының алдағы 5-6 жылда еселеп артатынына үміт артып отырғанын атап өтті.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button