ӘлемБастыСаясат

Әзербайжан Қарабахтағы антитеррорлық операцияны аяқтады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Қарабахтағы армян топтары қаруларын тастағаннан кейін антитеррорлық операцияның тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

Министрліктің мәлімдемесінде Қарабахтағы армян халқы өкілдерінің Ресей Бейбітшілік күштері арқылы жасаған өтініші ескеріліп, жергілікті антитеррорлық операцияны тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгені айтылды.

Мәлімдемеде келісімге қатысты келесі баптар қамтылған:

— Әзербайжанның Қарабах аймағындағы Армения қарулы күштері мен заңсыз армян қарулы топтары қаруларын тастап, жауынгерлік позициялары мен бекіністерін қалдырып, толығымен қарусыздандырылуда. Армения қарулы күштері Әзербайжан аумағынан шығарылуда, заңсыз армян қарулы топтары таратылуда.

— Параллельді түрде барлық қару-жарақ, оқ-дәрі және ауыр көліктер тәркіленуде.

– Жоғарыда аталған үдерістер Ресей Бейбітшілік күштерімен келісе отырып жүргізілуде.

Әзербайжан президент әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде ертең Евлах қаласында Қарабахтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізілетіні, онда реинтеграция мәселелерінің талқыланатыны айтылды.

TuraNews

Back to top button