БастыСаясат

Әзербайжан Президенті Астанаға келді

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Астанаға рәсми сапармен келді, деп Turanews.kz хабарлайды.

«Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Астанаға келді. Аздаған уақыттан соң ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады», — делінген БОРТ1 Telegram-каналында.

Әзербайжан Президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алды.

Еске салайық, Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 10 сәуірде ресми сапармен келетінін бұған дейін жазған болатынбыз.

TuraNews

Back to top button