Экономика
Әзербайжан мен Қырғызстан Қытайдан жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
Қырғызстан мен Әзербайжан «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан – Түрікменстан – Каспий теңізі – Әзербайжан» бағыты бойынша жүк тасымалдау мәселесін талқылады.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл туралы Қырғызстанның Әзірбайжандағы елшісі Мақсат Мамытканов пен Әзербайжанның Экономика министрінің бірінші орынбасары Эльнур Әлиевтің кездесуі барысында айтылды.
«Кездесуде тараптар Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысына байланысты жүк тасымалы көлемін арттыру мүмкіндігін талқылады»,- денілген хабарламада.
Сонымен қатар, кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде Әзербайжаннан Қырғызстанға мұнай жеткізу және қырғызстандық қой еті мен бұршақ сияқты ауыл және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау перспективалары талқыланды.