ӘлемСаясат

Әзербайжан мен Арменияның шекара айқындау комитеттері бас қосады

Әзербайжан мен Армения шекара айқындау комитеттері 30 қарашада екі ел арасындағы шекарада бас қосады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Армения ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян Армения мен Әзербайжан арасында шекара комитеттерінің бас қосуы жөнінде келісімге келінгенін айтты. Бадалян «Келісімге орай 30 қараша күні Армения мен Әзербайжан арасындағы мемлекеттік шекараларды анықтау және шекара қауіпсіздігі комитетінің кездесуі өтеді» деді.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі 21 қараша күні бейбітшілік келіссөзі үшін Арменияға шақыру тастаған болатын.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button