Басты

Әзербайжан астанасындағы киностудияда жарылыс болды

Қазіргі таңда Бакуде қауіпсіздік шаралары қолға алынып жатыр.

Бакудің Ясамал ауданында орналасқан Дж.Джаббарлы атындағы киностудияның пиротехника қоймасында жарылыс болды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті, деп хабарлайды Trend.

Әзербайжан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары қолға алынып жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, азаматтар арасында зардап шеккендер жоқ, жарылыс болған аймақты полиция бақылауға алды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді.

TuraNews

Back to top button