ӘлемСаясат

Әзербайжан Арменияның 32 әскери қызметшісін бостандыққа жібереді

Армения Республикасы премьер-министрінің аппараты және Әзербайжан Республикасы президентінің әкімшілігі бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды TuraNews.kz Кazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Әзербайжан Республикасы және Армения Республикасы өңірде көптен күткен бейбітшілікті орнату үшін тарихи мүмкіндік туындағаны жөніндегі пікірге ортақ. Қос мемлекет те қарым-қатынасты түзету, суверенитет және территориялық бүтіндік принципіне құрмет негізінде бейбіт келісімге қол жеткізу ниетін кезекті мәрте қуаттайды», – делінген мәлімдемеде.

Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы сенімді нығайту бойынша елеулі қадамдар қолға алу туралы келісімге қол жеткізілген.

Атап айтқанда:

— Әзербайжан 32 армян әскери қызметшісін босатады;
— Армения әзербайжандық 2 әскери қызметшіні босатады;

Армения климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Негіздемелік конвенциясына қатысушы тараптар конференциясының (СОР-29) 29-сессиясын өткізуге Әзербайжан берген өтінімге қолдау білдіріп, сессияны өткізуге өз кандидатурасын ұсынудан бас тартады.

Мәлім етілгендей, Армения және Әзербайжан Республикалары сенімді нығайтуға бағытталған және алдағы таяу келешекте іске асыру көзделген іс-шаралардың ауқымды көлемі бойынша келіссөздерді жалғастыруда және халықаралық қауымдастықты бұл ниетке қолдау білдіруге шақырды.

 

TuraNews

Back to top button