«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашуда
Глубоков ауданы, Белоусовка кентінің тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында арманын шындыққа айналудыруда.

Бағдарламаға қатысқан кәсіпкер Амантай Танкаев бүгінде табысты ісін дөңгелетіп, жергілікті нарықта жоғары сұранысқа ие өнім шығарып отыр, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Ол өзінің отбасылық шаруашылығын дамытуға және ет өнімдерін қайта өңдеу ісін жолға қоюға ниеттеніп, «AMANAT» партиясының аудандық филиалына, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүгінген болатын. Қолдау тапқан жоба жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылып, кәсіпкер заманауи құрал-жабдық сатып алуға мүмкіндік алды.
Бүгінде ол жұбайымен бірге қақталған және вакуумдалған қазы, жая, колбаса түрлері, сондай-ақ бөлінген дайын өнімдер – пельмень, манты және вареники өндіруде. Өнім сапасы жоғары бағаланып, жергілікті тұрғындар арасында сенімге ие болды.», – дейді кәсіпкер.
«AMANAT» партиясының қолдауы мен «Ауыл аманаты» бағдарламасы болмаса, мұндай жобаны іске асыру әлдеқайда қиын болар еді. Қазіргі таңда өндірісті кеңейту жоспарын қолға алып отырмыз. Жұрт біздің өнім – өз шаруашылығымыздан шыққан табиғи әрі таза тағам екендігін біледі. Сондықтан сұраныс күн санап артып келеді», — дейді «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы Амантай Танкаев
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, тұрғындардың табысын арттыруға және өңірлік экономиканы нығайтуға бағытталған тиімді бастама екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.