
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина кәсіби мансабында тұңғыш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Турнирдің ширек финалында латвиялық теннисшә, әлемнің 17-ракеткасы Елена Остапенкомен кездескен Рыбакина екі сет қорытындысында 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы спортшы.
1/2 финалда отандасымыз белорусиялық Виктория Азаренкомен немесе америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.